Елімізде құны 200 млн теңгеден заңсыз ауланған балық шетелге сатылған

Елімізде 60 тоннадан асатын балық өнімі шетелге заңсыз сатылғаны анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ҚМА мәліметінше, балық өнімінің ("көксерке филесі") аса ірі мөлшерде контрабандасы бойынша тергеу аяқталды.

Тергеу барысында 2021 жылдың қазанынан 2022 жылдың қыркүйегіне дейін мекеме басшысы заңсыз ауланған балықты сатып алып, оны кейін Еуроодақ елдеріне экспорттағаны белгілі болды.  Өнімнің құны 200 млн теңгеден асады. Экспортқа рұқсат беру құжаттарын алу үшін балықты қолдан өсіруге мүмкіндігі жоқ шаруа қожалығынан тауардың шығу тегі туралы жалған құжаттар алынған, - деп жазылған хабарламада.

Сот үкімімен күдіктіге сатылған балық өнімінің кедендік құнын мемлекет кірісіне өндіру және 1000 АЕК мөлшерінде (3 млн 692 мың теңге, 1 АЕК – 3 692 теңге) айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Есен