Әзіл айтқаны үшін қамауға алынған астаналық стендапер бостандыққа шықты

Әзіл айтқаны үшін қамауға алынған астаналық стендапер бостандыққа шықты
Фото: әлеуметтік желіден

Астаналық стендапер Александр Меркуль 10 тәулік қамауда отырып шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. 

"Үйдемін, қолдап жатқан барлық жанға рақмет, бәріңді жақсы көремін", - деп жазған ол. 

Айта кетейік, бұған дейін Астаналық стендапер Александр Меркуль 10 тәулікке қамауға алынғаны белгілі болды. Бұл ақпаратты Астананың мамандандырылған ауданаралық соты растады. 

Стендаперге залдағы қонақтарға әзіл ретінде балағат сөздер айтқаны үшін айып тағылды.

"Сот отырысында А.И.Меркуль өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкініп, сотқа 2024 жылғы 7 маусымдағы видеода аты аталғандар мен балағат сөздер әзіл қойылым ретінде айтылғанын атап өтті", - деп жазылған сот үкімінде.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек