Құлыбаевқа тиесілі компанияға қомақты айыппұл салынды

Атырау облысында "Каспий нефть" АҚ-ның 2021-2022 жылдары бұрғылау және кен орнын пайдалану қызметінде құралған 4500 тоннадан астам қауіпті қалдықтарға жинақталу лимитін алмағаны анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Прокурордың ұсынысын қарау нәтижесі бойынша Атырау облыстық сотының сот алқасының 2 шілдедегі қаулысымен "Каспий нефть" АҚ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 13 684 868 730  теңге айыппұл салынды.

Прокуратураның принципті ұстанымы нәтижесінде әкімшілік айыппұл бюджетке өндіріліп, мемлекетіміздің Ұлттық қоры 13 684 868 730 теңгеге толықтырылды.

Айта кетейік, KASE деректеріне сәйкес, "Каспий нефть" компаниясының 100 пайыз акциясы Тимур Құлыбаевқа тиесілі. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!