Алдағы күндері солтүстік пен оңтүстікте ауа райы екі түрлі болады

Алдағы күндері солтүстік пен оңтүстікте ауа райы екі түрлі болады
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Алдағы күндері елдің солтүстігінде қатты жаңбыр жауады, оңтүстігінде өте қатты ыстық болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алдағы үш күнде ел аумағының көп бөлігіне циклон әсер етеді, жаңбыр, найзағай, қатты жел, бұршақ жауады, 6-8 тамызда батыста және солтүстік-батыста, 7-8 тамызда солтүстікте кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады. Қазақстан бойынша желдің күшеюі болжанады.

Еліміздің оңтүстігінде күндізгі уақытта өте қатты ыстық +38+45°С болады деп болжануда, ал республиканың қалған аумағында температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина