Өткен тәулікте үш аймақта шөп жанып кеткен

Өткен тәулікте үш аймақта шөп жанып кеткен
Фото: ТЖМ

Өткен тәулікте Қазақстанның аумағында жиналған шөпке қатысты 3 өрт тіркелген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Сарыжар ауылы - жеке үйдің ауласында 90 ш. м алаңдағы жиналған шөп жанып, оның өрті жақын тұрған шаруашылық құрылысқа көшкен;

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы, Ақшат ауылы - жеке үйдің ауласында 370 орам шөп (92,5 тонна), шөп шабатын машина, құрылыс материалдары және екі шаруашылық құрылыс өрттенді;

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Тамғалы ауылы - жеке тұрғын үйдің аумағында 6 тонна шатыр астына жиналған шөп және 60 шаршы метр алаңда шатыр өрттенді;

Барлық өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ шөпті тұрғын үйлерден, шаруашылық құрылыстар мен жолдардан неғұрлым алыс жерлерде жинау қажет екенін еске салады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина