"Мақтану емес". Сметовтің үйіне баратын жолға жаңа асфальт төселген

Елдос Сметовтің үйіне баратын жолға асфальт төселген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі, журналист Исламбек Дастан жазды. 

"Елдос Сметовтің үйіне баратын жолға асфальт төселді. Мақтану емес", - деп жазды ол.

@koremiz_kz #рекомендации #елдоссметов #спорт #дзюдо ♬ Qurmangazy Adai - AIDARBEKOV REMIX

Айта кетейік, Елдос Сметов 1992 жылы 9 қыркүйекте Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Каменка ауылында туған.  

Еске салайық, бүгін қазақстандықтар Олимпиада жүлдегерлері Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаевты әуежайдан күтіп алды. 

Айта кетейік, қазақ дзюдошысы Елдос Сметов Парижде өтіп жатқан ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы атанған еді. Отандасымыз финалда француз дзюдошысы Лука Мхеидзеден айласын асырды. Елдос қарсыласын негізгі уақытта-ақ жеңіп шықты. Белдесу аяқталуға бір минут қалғанда вазарри әдісін сәтті орындады. 

Финалдық белдесуді Франция президенті Эммануль Макрон арнайы келіп тамашалады.

Ал дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында үшінші орын алған еді. 

66 килоға дейінгі салмақта бақ сынаған отандасымыз қола медаль үшін өткен белдесуде серб спортшысы Страхиня Бунчичтен айласын асырды. 

Ғұсман жартылай финалда бразилиялық Виллиан Лимаға жол беріп алған еді. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!