Көптен көрінбей кеткен Даниал Ахметов Парижде көзге түсті

Көптен көрінбей кеткен Даниал Ахметов Парижде еліміздің жеңілатлеттерімен көзге түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Экс-әкімнің суреті Қазақстан Республикасы жеңіл атлетика федерациясының әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. 

"Федерация президенті Даниал Кенжетайұлы спортшылар мен жаттықтырушыларға қолдау көрсету мақсатында жеңіл атлетика командасымен кездесу өткізді. Президент команданың әрбір мүшесінің маңыздылығын атап өтіп, Федерация алдағы уақытта да дайындық пен өнер көрсету үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға дайын екенін атап өтті", - делінген жазбада. 

Айта кетейік, Даниал Ахметов 2018 жылы Қазақстан Республикасы жеңіл атлетика федерациясының президенті болып сайланған еді.

Еске салайық, былтыр 16 маусымда ШҚО әкімі Даниал Ахметов қызметінен босатылды. Ол 2014 жылғы қарашадан бастап ШҚО әкімі қызметіне тағайындалған еді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!