Астана мен Алматыда 3 ірі есірткі зертханасы анықталды

Астана мен Алматыда 3 ірі есірткі зертханасы анықталды
Фото: ҰҚК

Астана мен Алматыда 3 ірі есірткі зертханасы анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, шілдеде Астана және Алматы қалаларында Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті полициямен өзара әрекетте және прокуратура органдарының үйлестіруімен 3 ірі есірткі зертханасының әрекетін жойды.

Бұл қылмыстарды жасады деген күдік бойынша Қазақстанның 8 азаматы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

Тінту барысында 93 кг-нан астам синтетикалық есірткі, кристалдану сатысындағы 70 литр мефедрон, сондай-ақ 255 кг прекурсор мен зертханалық жабдықтар алынды.

"Қара" нарықта тәркіленген есірткінің құны 2 млрд теңгеден артық болуы мүмкін.

Қылмыстық Кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина