Олимпиада жүлдегері Ғұсман Қырғызбаевқа әуежайда су жаңа көлік сыйланды

Бүгін Париж олимпиадасында ел намысын қорғап, Қазақстан қоржынына алтын мен қола түсірген Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев елге оралды. Оларды қазақстандықтар Алматы әуежайында қарсы алды. Онда дзюдошы Ғұсман Қырғызбаевқа көлік сыйланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Өте тамаша атмосфера. Әрине, Олимпиада ойындарының алтын аламын деп барғанмын, бірақ қолдан келгенді салдым. Бұйырғаны қола болды. Бәрі жақсы болды. Барша қазақ еліне алғысымды білдіргім келеді", - деді спортшы. 

Автокөлікті Алматы қаласы дзюдо федерациясы Али Хамхоев пен Ержан Зайдинов сыйлаған. Оның маркасы - Toyota. 

Бұл көліктің нарықтағы бағасы 40 миллион теңгеге дейін барады. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз