"Өзі қазақ, сөзі орыс,киімі араб". Айдана Меденова қарбыз кесемін деп сынға ұшырады

KeshYou тобының экс-солисі Айдана Меденова әлеуметтік желіде видео жариялаймын деп, халықтың сынына ұшырады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желідегі парақшасына қарбыз кесу туралы лайфхак түсіріп салған әншіге түрлі жағымсыз пікір қалдырғандар көп. 

Желі қолданушылары әуелі оның орысша сөйлегеніне, содан кейін киім үлгісіне тиіскен. 

"Бұнын подписчиктары 99% қазақтар ғой, орысша сөйлеп кімге не дәлелдегісі келеді?", "Өзі қазақ, сөзі орыс,киімі араб" деп жазып жатыр Айдана Меденованың оқырмандары. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз