- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Үміт үзбеңіздер, әлі...
"Үміт үзбеңіздер, әлі де мүмкіндік бар". Саясат Нұрбек грант алудың 9 қосымша жолын атады
Министр Саясат Нұрбек мемлекеттік грант жеңіп ала алмаған түлектерге қосымша грант алудың 9 жолы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, биыл мемлекеттік грант бір бөлігі су тасқынынан зардап шеккен өңірдің түлектеріне бөлінген екен.
"Соңғы уақытта елімізде орын алған су тасқыны бүкіл елге ортақ сынақ болды. Осы жағдайға байланысты, біз жоғары білім алуға гранттардың аз ғана бөлігін зардап шеккен өңір түлектеріне бөлдік. Саны көп те емес, 5112 грант. 20 мыңнан астам түлек су басқан өңірден бітірсе, соның 10 мыңнан астам түлегі өздеріңізбен бірдей жалпы конкурспен өтті. Біз оны әділ және ашық түрде бөлуге бар күш-жігерімізді салдық", - деп мәлімдеді Саясат Нұрбек.
Министр грант нәтижесі жарияланған соң өзіне жеке хабарласып, наразы болып жатқандар бар екенін жасырмады.
"Кешегі ата-аналар мен балалардың қуаныш жасын көріп, біз де бірге қуандық. Бірақ, өкінішке орай, грант ала алмаған түлектер мен отбасылардың мұңында да біз біргеміз. Көптеген адам министрлікке, маған хабарласып, жазып жатыр, ал осы нәтижені сабырмен қабылдағандар да бар екен", - деді ол.
Грант жеңіп ала алмаған талапкерлерге грант алудың басқа балама жолдарына ұсынған министр 9 түрлі ықтимал тәсілді атап өтті.
"Айтайын дегенім, үміт үзбеңіздер! Грант алу мүмкіндіктері әлі де бар!", - деген ол грант жеңіп алудың мынадай жолдары туралы ақпарат берді.
- 3 мыңға дейін талапкер гранттан бас тартуы мүмкін, олар келесі жоғары балл жинаған талапкерлерге беріледі.
- Жергілікті атқарушы органдардың, яғни әкімдік гранттары бар.
- KazEnergy қауымдастығының гранттарын қосыңыз.
- Х.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-да білім алу үшін Түркия Республикасының 500 гранты.
- Жұмыс берушілердің гранттары.
- Түркістандағы Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті 800 мақсатты грант ұсынады.
- Қазақстан халқына қоры 850 грант бөледі.
- Ректорлардың гранты, мысалы Тұран-Астана университеті Алтын белгі иегерлеріне гранттар бөлуде.
- Сессия қорытындысы бойынша бос грант алу мүмкіндігі және бар.
"Грант ала алмаған түлектерді осы жоғарыдағы мүмкіндіктерді барынша пайдалануға шақырамыз", -деп жазды министр соңында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева