Алматы облысында екі жігіт даладағы әжетханаға құлап, қаза тапты

Алматы облысында екі жігіт даладағы әжетханаға құлап, қаза тапты
Фото: видеодан кадр

Алматы облысы Қарасай ауданы Іргелі ауылында екі жігіт даладағы әжетханаға құлап, улы газға тұншығып қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мәйіттерді шығарып, полицияға тапсырды.

Әлеуметтік желіде ер адамдардың бірі ұялы телефонын әжетханаға түсіріп алып, оны алып шығуға тырысқанын жазып жатыр. Ал екінші ер адам біріншісін құтқарғысы келген.

"Ешқашан ашық дәретханаға немесе шұңқырға түсіп кеткен бағалы заттарыңызды алуға өзіңіз түспеңіз. Бұл сондағы газдан улану және тұншығу қауіпіне байланысты өмірге қауіп төндіреді. Қажет болса, құтқару қызметіне хабарласыңыз", - деп ескертеді РЖҚЖ баспасөз қызметі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @roso_kazakhstan

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Жапатова