"Әкесі балаларын құтқарғысы келген". Ақтөбе облысында бір үйдің төрт адамы суға батып кетті

Ақтөбе облысында Ырғыз өзенінде ер адам екі баласымен және туысымен суға батып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Диапазон"-ға сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 3 тамызда Әйтеке би ауданы Жүргенов ауылында болған.

"Ырғыз өзенінде суға түсіп жүрген бір отбасының 4 адамы батып кетті. Олар 13,11 және 7 жастағы балалар, сондай-ақ оларды құтқаруға тырысқан 39 жастағы ер адам. Ер адам өзінің балалары мен туысын құтқаруға тырысқан", - делінген материалда.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті балалар ата-аналарымен бірге болғанын айтты.

Құтқарушылар, полицейлер және жергілікті тұрғындар мәйіттерді іздеп, оларды судан шығарды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!