+45 градусқа дейін ыстық: бүгін Қазақстанда ауа райы қандай болады?

+45 градусқа дейін ыстық: бүгін Қазақстанда ауа райы қандай болады?
Фото: pixabay.com

Қазгидромет 4 тамыз, жексенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Елдің батысында күндіз ауа температурасының +41°С дейін көтерілуі күтіледі, оңтүстік-батыста +40+45°С, қалған аумақта күрт өзгерістер күтілмейді.

Қазақстанның басым бөлігінде найзағай мен жаңбыр жауады деп күтілуде. Тек оңтүстік, елдің орталығы жауын-шашынсыз өтеді.

Республика бойынша желдің күшеюі, бұршақ күтіледі, ал солтүстік, шығыс облыстарда, ҚР оңтүстік-батысында, солтүстігінде түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.

Күндіз Алматы, Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында, Жетісу, Абай облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде аптап ыстық күтіледі.

Алматы, Қарағанды облыстарында, Жетісу, Абай облыстарында, шығыста, оңтүстікте, Ақтөбе қаласының орталығында, Атырау облысының солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының орталығында, Ұлытау облысының басым бөлігінде, Павлодар облысында, Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Атырау оңтүстік бөлігінде, Қостанай, Ақтөбе оңтүстігінде, батысында, Алматы облысының орталығында, Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, Жетісу облысының орталығында, Жамбыл облысының басым бөлігінде, оңтүстігінде, Абай облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Жапатова