Астанада бір жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті

Астанада бір жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлады , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға бүгін Сарыарқа ауданындағы көпқабатты тұрғын үйдің аумағында болған.

Түрлі жарақаттары бар бала ауруханаға жатқызылды.

ТЖМ тұрғындарға ескерту жасады:

  • Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
  • Ешқашан москит торларына сенбеңіз. Олар құлаудан қорғауға арналмаған;
  • Балаларға ересектердің қарауынсыз балконға шығуға рұқсат бермеңіз.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!