Павлодарда жер астынан су атқылады

Павлодарда жер астынан су атқылады

Павлодарда жер астынан су атқылады. Кейбір үйлер сусыз қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

"Павлодар-водоканал" ЖШС-ның мәліметінше, қалалық мердігер "Алан Сапа" келісілмеген жер жұмыстарын жүргізген. Жұмыс барысында Ак. Сәтбаев көшесі бойында диаметрі 500 мм құбырда ақау шықты.

Соның салдарынан бірнеше көпқабатты тұрғын үй мен ұйымдар сумен жабдықтау қысымы төмендеді. Ал тұтынушылардың бір бөлігі сумен жабдықтаудан уақытша ажыратылады.

Қазіргі уақытта үйлердің мекенжайы нақтыланып жатыр. Компания келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан