Қазақстанға 30 мың қорап темекіні заңсыз алып кірмек болған

Қазақстанға 30 мың қорап темекіні заңсыз алып кірмек болған

2024 жылғы 3 тамызда "Айша бибі" автомобиль өткізу пунктінде ҰҚК ШҚ Жамбыл облысы бойынша департаменті темекінің ірі партиясын (30 мың қорап) әкелудің жолын кесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ілеспе құжаттары жоқ темекі өнімдерін халық тұтынатын тауарлар түрінде алып өтпекші болған.

Жүк одан әрі қарау үшін тиісті органға берілді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан