"Адам өлтірген". Іздеуде жүрген шымкенттіктер Мәскеу облысында ұсталды

"Адам өлтірген". Іздеуде жүрген шымкенттіктер Мәскеу облысында ұсталды
Фото: Полиция

Адам өлтіру қылмысы үшін іздеуде жүрген шымкенттіктер Мәскеу облысында ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шымкент қаласы полиция департаментінің жедел уәкілдері іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ресейлік әріптестерімен бірлесіп, кісі өлтірді деген екі күдіктінің жүрген жерін анықтап, құрықтады.

Олар өткен жылдың қыс айында таңғы 5:00 шамасында жасырын түрде бөтеннің үйіне кіріп, жеке жақтырмаушылықтан үш ер адамды битамен және темірмен ұрып-соққан. Олардың бірі алған дене жарақаттарынан жедел жәрдем көлігінде көз жұмған.

Қазіргі таңда ұсталғандарды Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина