110 миллион теңгеге жуық қарызы бар шымкенттік ұсталды

110 миллион теңгеге жуық қарызы бар шымкенттік ұсталды
Фото: скриншот

Шымкентте 110 миллион теңгеге жуық берешегі бар жүргізуші анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Қорғау» бағдарламасы арқылы қалалық полиция департаменті жедел басқару орталығының қызметкерлері төленбеген қарыздары бар көлік жүргізушісі туралы сигнал алып, патрульдік полиция полкінің қызметкерлеріне хабарлаған. «MERCEDES – BENZ S 350» маркалы автокөлік иесінің атқарушылық іс жүргізу бойынша 110 миллион теңгеге жуық бершегі бар екені анықталған.

Полицейлер автокөлік жүргізушісімен айыппұлдарды уақытылы төлеу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіліп, көлік айыптұраққа жеткізілді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина