ШҚО-да ер адам саусағын гараж есігіндегі құлыптың тесігінен шығара алмай қалған

ШҚО құтқарушылары шұғыл жағдайда көмекке келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Глубокое ауданының Опытное поле ауылында 1959 жылы туған ер адам гараж есігін ашып жатқан кезде саусағын құлыптың тесігіне кіргізіп алып шығара алмаған.

Ер адам саусағын өзі шығаруға қаншама әрекет жасағанымен, оның бұл әрекетінен түк шықпады.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен ер адамның саусағын босатып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

ТЖМ төтенше жағдай кезінде 112 немесе 101 нөміріне хабарлауды ескертті.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!