Конго президенті Алматыға кетті

Конго президенті Алматыға кетті
Фото: Akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дени Сассу-Нгессоны шығарып салды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дени Сассу-Нгессоға құрмет көрсетіп, елорда әуежайынан шығарып салды.

Конго Республикасы президентінің елімізге ресми сапары Алматы қаласында жалғасады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан