Қазақстандық шпагашылар бесінші орынға таласады

Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасында бесінші орынға таласады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ширек финалда Венгриядан жеңілген соң қазақстандық команда Египетті 36:21 есебімен жеңді. 

Енді бесінші орын үшін Қазақстан Италия құрамасына қарсы ойнайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!