Сот Марат Әйтеновтің ісі бойынша үкім шығарды

Сот Марат Әйтеновтің ісі бойынша үкім шығарды
Фото: "Самұрық-Қазына" баспасөз қызметі

Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Шымкенттің экс-әкімі Марат Әйтеновтің ағасының іс бойынша шешім шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сот Марат Әйтеновті 12 тәулікке қамауға алу туралы үкім шығарды.

"1978 жылы туған Марат Әйтенов Қылмыстық кодекстің 109-1-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 12 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалсын", - деп хабарлады судья.

Бұған дейін сот отырысында прокурор Марат Әйтеновті 12 тәулікке қамауға алуды сұраған болатын.

Жәбірленушінің адвокаты Әлия Омарова 25 тәулікке қамауға алуды сұрады. Ер адамның өзі кінәсін мойындап, айыппұл төлеуге дайын екенін айтты.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан