Найзағай, жаңбыр, бұршақ: 15 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Найзағай, жаңбыр, бұршақ: 15 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
Фото: depositphotos.com

Синоптиктер ертең, 3 тамызда еліміздің 15 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Атырау облысында солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстік бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады.

Алматыда күндіз 35 градус қатты ыстық сақталады. Жоғары өрт қаупі сақталады. 

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Абай облысының батысында, орталығында найзағай күтіледі. Күндіз найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 38-40 градус қатты ыстық күтіледі Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Шығыс Қазақстан облысында найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 25 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі. 

Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 17-22 м/с. Облыстың солтүстігінде, орталығында төтенші өрт қауіпі күтіледі.

Ұлытау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. 03-04 тамызда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с күтіледі. 03-04 тамызда күндіз облыстың солтүстігінде, солтүстік-батысында 38 градус қатты ыстық күтіледі. 03-04 тамызда облыстың басым бөлігінде жоғары төтенше өрт қауіпі күтіледі. 

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан