Семсерлесуден Қазақстан командасы Олимпиаданың ширек финалында жеңілді

Париж Олимпиадасында сынға түсіп жатқан семсерлесуден Қазақстан құрамасы командалық сында Венгриядан жеңілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстан командасы ширек финалда Венгрияға 30:45 есебімен жол берді. 

Енді қазақстандықтар Египет құрамасына қарсы ойнап, 5-8 орындарға таласады. 

Айта кетейік, бұл бәсекеде ел намысын Эльмир Алимжанов,  Ерлік Сертай, Руслан Құрбанов және Вадим Шарлаимов қорғап жатыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!