Алматыда Жандосов көшесінің учаскесі біраз уақытқа жабылады

Алматыда Жандосов көшесінің учаскесі біраз уақытқа жабылады
Фото: Tengrinews.kz

Алматыда жөндеуге байланысты Жандосов көшесінің учаскесі біраз уақытқа жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы әкімдігінің хабарлауынша, Жандосов көшесінің учаскесіне орташа жөндеу жүргізуге байланысты қозғалысқа уақытша шектеулер енгізіледі.

Мәселен, 3 тамызда сағат 23:00-ден 5 тамызда сағат 11:00-ге дейін Тимирязев көшесінен Манас көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады.

"Айналма жол шығыс бағытта Сәтбаев және Розыбакиев көшелерімен қамтамасыз етіледі. Батыс бағытта Тимирязев және Байзақов көшелерімен. Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының Байланыс ақпараты бар стендтер қойылады. Маршрутты алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан