Өлтіріп, чемоданға салып, айдалаға лақтырған: үкімге қатысты жаңа дерек шықты

Алматы соты Дубайда қазақстандық әйелді өлтірген қылмыскерге үкім шығарды. Жәбірленуші тараптың адвокаты Ғалым Нұрпейісов Tengrinews.kz тілшісіне жәбірленуші тарап сот шешіміне шағымдануға ниетті екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әнелді (аты өзгертілді - еск.) өлтіру ісі бойынша сот үкімі маусымның соңында шықты. Ғалым Нұрпейісов сот айыпталушы Үсенбаевты кісі өлтірді деп танып, 15 жылға бас бостандығынан айырғанын айтты. Сондай-ақ, оған қыз зорлады деген айып тағылды. Бұл бөлімде сот қазақстандықты "қылмыс құрамының болмауына" байланысты ақтады.

"Судья үкімді жабық режимде өткізді, бұл судьяның әділ әрекет етіп отырғанына үлкен күмән тудырды. Судья үкімді оқи отырып, Үсенбаевтың 1-бөлімнің 120-бабы (зорлау) және 1-бөлімнің 99-бабы 5-тармағы (ерекше қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру) бойынша сотқа берілгенін көрсетті. 1-бөлімнің 120-бабы бойынша іс қылмыстық іс материалдарында жәбірленушінің онымен татуласқаны туралы арызының болуына байланысты тоқтатылды", - деді Ғалым Нұрпейісов.

Оның айтуынша, бойжеткен тараптардың татуласқаны туралы арызды сонау 2019 жылы жазған.

"Ағасы (Әнел. - Ескерту) Үсенбаевқа қатысты күш қолданғаны, Үсенбаев денсаулығына зиян келгені туралы арыз жазғаны анықталды, ол марқұммен осы бөлігінде мәмілеге келген: қыз Үсенбаевты кешіретіні туралы арыз жазған, ал Үсенбаев қыздың ағасына қатысты қылмыстық іс қозғамайтынын жазған", - деді адвокат.

Оның айтуынша, судья үкімді Үсенбаевтың қызды қинап өлтіргенімен, ауырлататын зардаптар болмағанына байланысты шығарғанын айтты. Сондай-ақ, сот 20 миллион теңге болатын азаматтық талапты қанағаттандырып, сот шығындарын өндіріп алды. Сондай-ақ, қайтыс болған қыздың анасы жәбірленушілердің өтемақы қорынан 30 АЕК (11 760 теңге) алады.

Жәбірленушінің адвокаты мен прокурор үкімге аппеляциялық шағым түсіріп үлгерген.

"Прокурор мені шақырды, онымен талқыладық, сол күні шағым түсірдік. Ол наразылық білдірді, мен апелляциялық шағым түсірдім. Прокурор 20 жыл сұрады, мен өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрадым. Кеше (1 тамыз - еск.) маған қалалық соттың тіркегені туралы хабарлама келді, шағымымыз қанша уақытқа созылатынын білмеймін", - деді Нұрпейісов.

Алғашында айыптаушы тарап соттан қызды өлтіргені үшін 20 жыл, зорлағаны үшін 7 жыл сұраған. Үкімдерді ішінара қосу арқылы прокуратура айыпталушыны 24 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Еске салайық, Дубайдағы бұл оқиға 2019 жылы болған еді. Қыз Қазақстаннан БАӘ-ге жігіттен қашып кеткен, бірақ жігіт қыздың ізіне түсіп, оны өлтіріп, денесін чемоданға салып, айдалаға лақтырып жіберген.

Күдіктіні ұзақ іздестіру және тергеу әрекеттерінен кейін 2024 жылғы наурыздың аяғында Дубайда қазақстандық әйелді өлтіру ісі Алматы сотына жіберілді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!