"Спортқа мүлде қатысы жоқ". Алмас Өтешов саланы басқарған шенеуніктерді сынға алды

Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алмас Өтешов "Уақыт көрсетеді" Youtube-жобасына берген сұхбатында бүгінде спорт саласын басқарып отырғандарды сынға алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, спортты марқұм Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыханов секілді азаматтар басқарғаны жөн.

"Қазір спорт саласын басқарып отырғандар спортқа дым қатысы жоқ адамдар, спорттың тағдырын дым түсінбейтін адамдар. Елімді жамандамаймын. Дәулет Тұрлыхановтарды спортқа қайта алып келу керек. Спорт саласын сол кісілер жүргізуі қажет. Билікте Спорт министрі болып отырған адамдардың спортқа мүлде қатысы жоқ. Қалай ол? Марқұм Жақсылық Үшкемпіров көкемізді, Дәулет Тұрлыхановтарды спортқа мүлде жақындатып отырған жоқ. Неге? Мен түсінбеймін", - деді ол.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!