- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Арқан мойнымды қысқан...
"Арқан мойнымды қысқан кезде бұтыма жіберіп қойдым". Алмас Өтешов өзіне қол жұмсамақ болған
Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алмас Өтешов "Уақыт көрсетеді" Youtube-жобасына берген сұхбатында өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын мойындады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұрынғы спортшының сөзінше, ол бұл уақытта әйелімен ажырасып, баспасында жалғыз қалған.
"Негізі жан беру деген оңай емес екен. Өмірден түңіліп кеттім. Менің өз-өзімді дарға астым. Мемлекет сыйлаған 2 бөлмелі үйде болдым, ажырасқан уақытым, менен басқа ешкім жоқ, келіншегім бәрі кетіп қалған. Бірінші базарға барып арқан сатып алып келдім. Интернеттен қалай дарға асу керегін көріп алдым. Ваннадағы төбеге жіпті байлап, бәрін дайындадым да, ғұсыл дәрет алдым. Алладан кешірім сұрадым, арқанды мойныма салған бойда, отырып қалдым. Арқан мойнымды қысқан кезде бұтыма жіберіп қойдым. Оңай емес екен. Бір уақытта аяғымның саусақтарының ұшы жерге тигенін сездім, жұлқынып, арқанды мойнымнан шешім тастадым. Тер деген бұрқ ете қалды. "Астағфируллах, астағфируллах, о құдайым, кешірге гөр, кешіре гөр" деп отырдым. Құдай сақтасын, енді мұндай іс-әрекетке бармаймын", - деді ол.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Б. Жұмаділлә