Дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева: Қызтеке мен лезбиянкалар - науқас адамдар

Дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева: Қызтеке мен лезбиянкалар - науқас адамдар
Фото: instagram.com/aigulyelshibayeva01/

Дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева әлеуметтік желіде ЛГБТ өкілдеріне қатысты ойын білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Алла тағала әр жаратылысты жұп қылып жаратқасын, еркекке әйелді жұп қылып жаратты. Ал, қызтеке мен лезбиянкаң нәпсінің жетегіне кетіп, өз жаратылысынан безген науқас адамдар. Оларды қорғап қолдау, есі дұрыс адамның іс-әрекеті емес", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Сонымен қатар әнші қазір қоғамда ер адамды төмендетуге тырысатындар көп екенін айтып, олардың бұл әрекетін айыптайтынын білдірді. 

"Тоқсан түрлі тағдыр бар өмірде, біреудің тағдырына бола, барлық еркек атаулыдан бездіру насихатын жүргізіп, еркек атаулыны жерге тығудың қажеті жоқ. Отбасындағы дүрбелең екі елі ауызға төрт елі қақпақ болмағаннан, екі еліңе ие болмағаннан шығады деп үлкендер айтқандай, даудың басы осы екі нәрседен шығып тұр", - деген ол отбасыдағы кикілжің неден туындайтынын түсіндіріп өтті. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Айгүл Елшібаева🌏 (@aigulyelshibayeva01)

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева