"Ем болсын!" Мөлдір Әуелбекованың видеосы оқырмандарының қызығушылығын тудырды

Қазақстандық әнші Мөлдір Әуелбекова жариялаған видео желі қолданушыларының қызығушылығын тудырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Күлкі" витаминін қабылдадым! Сіздерге де позитивтің порциясын жолдаймын", - деп жазды ол әлеуметтік желіде су үстінде түрлі кедергілерден өтіп жүрген күлкілі видеосын жариялап. 

Мөлдір Әуелбекова Тараз қаласындағы демалыс орнында демалып жатқаны туралы айтқан болатын. 

Оқырмандар қауымы "Керемет екен! Витаминің ем болсын!", "Күліп жүріңіз", "Мөлдір ханшайымдай" деп пікір қалдырып жатыр. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!