"Керегіңді ал, Дубайға бар, қалғанына бизнес аш". Блогер Ырысбала Икрамбай палуанға сыйлық жасады

"Керегіңді ал, Дубайға бар, қалғанына бизнес аш". Блогер Ырысбала Икрамбай палуанға сыйлық жасады
Фото: instagram.com/irisbala__ikrambai_official/

Танымал блогер, қайырымдылық жасап, мұқтаж жандарға баспана сыйлап жүрген Ырысбала Икрамбай Мадияр Икрамбайдың туған күніне ақшалай сыйлық жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мадияр Икрамбай, туылған күніңмен, палуан. Кішігірім сыйлығымыз, осы ақшамен туған күн тойла, керегіңді ал, Дубайға бар, қалғанына бизнес аш", - деп жазған Ырысбала Икрамбай 200 мың теңге жібергенін жариялады. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева