Қымбат Досжанның Жәнібек туралы мақаласы 6 тілде ақпарат тарататын БАҚ-та жарияланды

Қымбат Досжанның Жәнібек туралы мақаласы 6 тілде ақпарат тарататын БАҚ-та жарияланды
Фото: instagram.com/kymbatdoszhan/

Тележүргізуші, танымал журналист Қымбат Досжанның бельгиялық әйел асырап алған қазақ баласы туралы мақаласы тіпті хинди тілінде жарияланған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Жәнібек оқиғасы жайлы БҰҰ-ның 6 тілінде ақпарат тарататын БАҚ жазды. Орысша жарық көрген интервьюмнің негізінде жазылған материал ағылшын, хинди тілінде де басылды. Бүкіл әлем құлағдар болғанда, Анаң да шығар бір жерден Жәнібек. Журналист Күлпаш Қоңыроваға рақмет", - деп жазды Қымбат Досжан әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Сонымен қатар журналист мақаланың түпнұсқасына сілтеме қалдырды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева