Алматыда Абай даңғылы бойындағы кейбір учаскелерде көлік қозғалысы шектеледі

Алматыда Абай даңғылы бойындағы кейбір учаскелерде көлік қозғалысы шектеледі
Фото: Massaget.kz

Алматыда демалыс күндері Абай даңғылы бойындағы учаскелердің бірінде көлік қозғалысы шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2 тамыз сағат 23:00-ден 5 тамыз сағат 08:00-ге дейін Алматы қаласының Әуезов ауданында Абай даңғылы бойымен Сайын көшесінен батыс бағытта "Qazaq Oil" жанармай құю бекетіне дейін көлік қозғалысына ішінара шектеу қойылады. Абай даңғылының оңтүстік жағы бойымен екі жақты көлік қозғалысы ұйымдастырылады.

"Уақытша шектеулер 1991 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан, жалпы ұзындығы 1838 метр болатын, көлік жолы бөлігінің астынан өтетін құбырды жаңғырту учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіліп отыр", - деп жазылған хабарламада.

Бұл құбыр 406 көппәтерлі тұрғын үйді, 105 жеке тұрғын үйді, 4 балабақшаны, 1 денсаулық сақтау нысанын және 6 басқа нысанды жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Жаңғырту жұмыстары кезеңінде тұтынушылар ыстық сумен бұрынғысынша үздіксіз қамтамасыз ете берілетіні хабарланды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова