Маңғыстау облысында кәсіпкерлердің құқығы тапталған

Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Түпқараған ауданының прокуратурасы 2020-2024 жылдарға кәсіпкерлік субъектілеріне жер телімдерін жалға беру заңдылығының сақталуына талдау жүргізді.

Аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімімен  331 кәсіпкермен жасалған келісім-шарттарда, соның ішінде 3 инвесторге, жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдаланудың үлгілік шартында көзделмеген құқықтарға қосымша міндеттемелер мен шектеулер қойылғандығы анықталды (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №353 бұйрығымен бекітілген)

Мысалы, бекіре тұқымдас балықтарды өсіру бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатқан "Red Pearl" балық фермасы" ЖШС-мен жасалған келісімде жаңа мерзімге шарт жасасу және сатып алу құқығы түріндегі тармақтар алынып тасталған.

Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде кәсіпкерлік субъектілерімен жасалған 505 шарт сәйкестендіріліп, ауылдық округ әкімі және аудандық бөлім басшысы тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!