Семейде екі жасар бала тоғызыншы қабаттан құлап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға бүгін Семей қаласында болған. Дәрігерлер баланың өмірі үшін күресіп жатыр.
ТЖМ тағы да еске салады:
- бөлмеден шыққанда, терезені ашық қалдырмаңыз;
- терезелерге блокаторларды орнатыңыз;
- терезелердің жанына дивандар мен орындықтарды қоймаңыз;
- москит торлары құлап кетуден сақтамайды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина