Шығыс Қазақстан облысында қар барысы видеоға түсіп қалды

ШҚО-да қар барысы фототұзақ объективіне түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Катонқарағай ұлттық паркінің мамандары қар барысы популяциясының жай-күйіне жыл сайын мониторинг жүргізеді. Аршаты орманшылығында биыл қаңтарда орнатылған фототұзаққа кезекті қар барысы түсіп қалған.

"Қар барысының тіршілік ету ортасына байланысты, инспекторлар фототұзақтардың батареяларын жаңарту және флэш-карталарын ауыстыру үшін биік және жартасты жоталарға 3,4 күн жаяу жүреді. Бүгінгі күні паркте қар барысының шамамен 11 дарағы мекендейді", - делінген хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от QAZFWC (@qazfwc)

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина