Павлодар облысында жоғалған тұрғын Ресейде табылды

Павлодар облысында жоғалған тұрғын Ресейде табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі мәліметінше, 24 шілдеде полицияға әйел ұлы жоғалып кеткені туралы арызбен жүгінген. Ол екі күн бұрын 48 жастағы ұлы үйден кетіп қалып, әлі оралмағанын айтқан. Жоғалған адамды іздеуге полицияның жеке құрамы мен күштер жұмылдырылды. Іздестіру шараларына еріктілер де тартылды.

"Полицейлер іздестіру барысында хабар-ошарсыз кеткен адамды 31 шілдеде көрші мемлекеттің Барнаул қаласында тапты. Ер адам туыстарымен жанжалдан кейін үйден кетіп, 10 күн бойы байланысқа шықпаған", - деді департамент өкілі.   

Айта кетейік, жыл басынан бері тәртіп сақшылары жоғалған 24 адамның орналасқан жерін анықтап, үйіне қайтарды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз