Екібастұзда заңсыз жұмыс істеп жүрген шетелдіктер анықталды

Екібастұзда заңсыз жұмыс істеп жүрген шетелдіктер анықталды
Фото: polisia.kz

Екібастұзда шетелдік азаматтар еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Екібастұз қаласы ПБ көші-қон қызметінің қызметкерлері мұражай құрылысы алаңында заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған көрші елдің азаматтарын анықтады. Дәл осындай заң бұзушылық қаладағы дәмханалардың бірінде де анықталды.

"Жеті шетелдік азамат аймақта заңсыз, рұқсат құжаттарынсыз болған. Шетелдіктердің ҚР көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін сотқа жіберуге әкімшілік материалдар толтырылды. Сондай-ақ шетелдік азаматтарды тиісті рұқсатсыз еңбек қызметіне заңсыз тартқаны үшін жұмыс берушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді Екібастұз қаласы ПБ бастығының міндетін атқарушы Төлеген Құдайбергенов.

Полиция шетелдік азаматтарға көші-қон режимін бұзбауды және тиісті құжаттарды уақтылы ресімдеуді ескертеді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина