Петропавлда алаяқтар студентті пәтерде қинап ұстап, несие алдырып, бопсалаған

Петропавлда алаяқтар студентті пәтерде қинап ұстап, несие алдырып, бопсалаған
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Петропавлда алаяқтар студентті пәтерде ұстап, несие алдырып, бопсалаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Петропавлдың білім ошақтарындағы профилактикалық кездесулер барысында қорқытып алу, адамды қамап қою, ұрлық және денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру фактісін анықтап, жолын кесті. Бұл қылмыстарды биылғы жылдың қаңтар-ақпан айларында бір топ жастар жасаған.

Облыс орталығының 20 мен 23 аралығындағы төрт тұрғыны ҰҚҚКБ қызметкерлерінің назарына іліккен. Олардың үшеуі тұрын сотталған. Жедел ақпаратқа сәйкес, бұл топ колледждердің бірінің 18 жастағы таныс оқушысынан қорқытып ақша алған. Жас жігіт өз өміріндегі болып жатқанның барлығын әлеуметтік желілерге салып жүрген. Нәтижесінде оның бұл әрекеті басқалардың көзіне түскен.

Жәбірленушіні жалдамалы пәтерлерге заңсыз жолмен қамап қою арқылы ақша талап еткен, психологиялық қысым мен күш қолданылған. Жәбірленушіге мобильді қосымшалар арқылы қарыздар алғызып, несиелер рәсімдеуге мәжбүрлеген. Сондай-ақ жігіт өзінің соңғы үлгідегі iPhone маркалы ұялы телефонын 50 мың теңгеге сатып жіберген.

Алынған ақшаны бопсалаушыларға берген. Кезекті рет ақша алмақ болған жігіттер жәбірленушінің тұрғылықты мекенжайына келгенде, ол үйінде болмай шыққан. Жастар жалдамалы пәтерге кіріп, 70 мың теңге ақша мен гаджеттерді қуаттауға арналған аккумуляторды ұрлап кеткен. Одан бөлек, олар мас күйде тағы басқа да қылмыстар жасады. Бұлар да сотта қаралды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина