Алматыда полицейлердің автобусы жол апатына ұшырады

Алматыда полицейлердің автобусы жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға 1 тамызда Қабанбай батыр мен Желтоқсан көшесінің қиылысында болған.  


Фото Facebook/Евгений Мухамеджанов

Алматы полиция департаментінің хабарлауынша, бүгін таңғы сағат 07:40-та Қабанбай батыр мен Желтоқсан көшелерінің қиылысында мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметтік көлігінің жол апатына түсуіне байланысты тергеу басталды.

"Жол апаты салдарынан "Сузуки" маркалы автокөліктің жүргізушісі зардап шекті. Ол қаланың ауруханаларының біріне жеткізілді. Жол-көлік оқиғасының басқа да мән-жайлары анықталып жатыр", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!