Синоптиктер үш қала тұрғындарына ескерту жасады

Синоптиктер үш қала тұрғындарына ескерту жасады
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Қазгидромет Астана, Алматы және Шымкент тұрғындарына тағы да ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"2024 жылғы 1 тамызда Алматы, Шымкент, түнде Астана және Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина