"Ұзақ күткен бақыт". Неслихан Атагүл аяғы ауыр екенін хабарлады

"Ұзақ күткен бақыт". Неслихан Атагүл аяғы ауыр екенін хабарлады
Фото: instagram.com/neslihanatagul/

Қазақ қоғамына "Қара севда" сериалы арқылы жақсы таныс Түркияның танымал актрисасы Неслихан Атагүл көптен күткен жаңалығын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Біз бұл бақытты ұзақ уақыт құпия ұстағымыз келді. Ашығын айтқанда, бұл біздің құқығымыз еді... Қысқасы, біз бақыттымыз, жақсымыз және қанағат етеміз", - деп жазған актриса әлеуметтік желідегі 14 миллион оқырманынан сүйінші сұрады.

Еске сала кетейік, 31 жастағы Неслихан Атагүл түрік актері Қадыр Догулуна тұрмысқа шыққан. Олар 8 жыл бұрын "Ыстамбұлдың екі жүзі" сериалының түсірілімінен кейін үйленді.

Қазір жүктілігіне байланысты Неслихан Атагүлдің "Жұмыс күндеріндегі махаббат" (İşgal Günlerinde Aşk) сериалына түсуін жалғастырып-жалғастырмайтыны талқыланып жатыр. Продюсерлік компания түсірілімді кейінге қалдыруы мүмкін.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Neslihan Atagül Doğulu (@neslihanatagul)

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Д. Ибраева