"Бәрібір Балжанға жетпейді". Жаханның жаңа серігін оқырмандары ұнатпады

Актер Жахан Отарғалиевтің жаңа серігі көпшіліктің көңілінен шықпаған сияқты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жақында Жахан Отарғалиев әлеуметтік желідегі парақшасында автокөлікпен жас әрі сұлу қызбен серуендеп жүргенін жариялады. 

"Жүздеріңізден әрқашан күлкі кетпесін, жанашыр достар!", - деп жазды актер видеоның астына. 

Алайда желі қолданушыларын Жаханның не жазғаны емес, жанындағы қыз көбірек мазалайтыны байқалады. Себебі оқырмандар "Бәрібір Балжанға жетпейді", "Мен үшін бәрібір Бидаш от!" деген пікір жазып жатыр.

Видеодағы қыз Жаханның жаңа қызы емес, жай ғана модель екенін жазып жатқандар да бар. Бірақ актер әзірге бұл мәселеге қатысты нақты жауап беріп, мәлімдеме жасамады. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!