"Ақыры мені қуып жеттің". Әнші Луина жеті жас кіші күйеуін 30 жасымен құттықтады

37 жастағы әнші Луина күйеуінің 30 жасқа толған туған күнін "Менің онжылдығыма қош келдің!" деп ерекше әзілмен құттықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстандық әнші Луинаның күйеуі Артем Обухов 30 жасқа толды. Күйеуін әлеуметтік желіде туған күнімен құттықтаған әнші "Менің онжылдығыма қош келдің! Соңында мені қуып жеттің", - деп жазды. 

"Бүгін ерекше күн! Ақыры мені қуып жеттің, 30-ға толдың. Енді екеумізге ортақ онжылдық бар, мен енді отбасымыздағы "ең жас және ең ақылды" деген атаққа ие бола аламын! Сенің әр күнің алғашқы кездесуіміз сияқты қуанышқа толы болсын, ал кештерің үйіміздегідей бейбіт әрі тыныш болсын...", - деп құттықтады күйеуін әнші. 

Естеріңізге сала кетейік, 37 жастағы әнші Луина мен оның 30 жастағы күйеуі Артем Обузовтың арасында жеті жас айырмашылық бар. Екеуі ұл тәрбиелеп отырған отбасы.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!