"Қазақстандық краш" Олимпиада ойындарының финалында өнер көрсетті

Жанкүйерлері "қазақстандық краш" деп атап кеткен спорттық гимнастикадан Қазақстан командасының үздігі Милад Карими Париж Олимпиадасының финалдық сынын аяқтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгін, 31 шілде күні, Олимпиадада спорттық гимнастикадан жекелей көпсайыс аяқталды. Карим жалпы есебі 76.065 ұпай жинады. Төменде оның әр жаттығуға алған ұпайы көрсетілген:

Еркін жаттығу - 13.433;

Тұтқалы ат жаттығуы - 8.533;

Шығыршықтағы жаттығу  - 12.933;

Қол тіреп секіру - 14.400;

Қоссырықтағы жаттығу  - 14.066;

Көрмелері жаттығу - 12.700.

Жарыс нәтижесінде Милад Карими 24-орын алды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!