Ақтөбеде бес жасар бала төртінші қабаттан құлап кетті

Бес жасар бала төртінші қабаттың терезесінен құлады , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, оқиға бүгін, 31 шілдеде Ақтөбе қаласында бес қабатты тұрғын үйдің аумағында болды.

Ер бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

ТЖМ ескерту жасады:

  • Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
  • Москит торлары құлаудан қорғамайды;
  • Балаларға ересектерсіз балконға шығуға рұқсат бермеңіз.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!