"Енем жаман деме". Танымал блогер Ырысбала Икрамбай енесін мақтаған оқырманына 50 мың теңге берді

Танымал блогер, қайырымдылық жасап, мұқтаж жандарға баспана сыйлап жүрген Ырысбала Икрамбай жақында желіде енесін мақтаған оқырманына сыйлық жасайтынын хабарлаған. Жеңімпаз анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Ана құрсағынан бала мына өмірге келгенде, қоршаған ортаға үйрену үшін қырық күн қайнаған суға шомылдырып,тамақтандыратын анасы диета ұстап,тіпті киімдерін жеке жуып үтіктеп кигізіп өбектейміз. Жалпы кез-келген қыз тұрмысқа шыққанда өзі білмейтін ортаға барып,екінші рет жаңа өмір бастайды. Сол уақытта қолдаулар мен түрлі қиындықтар қыз ғұмырымен қош айтысқан келінді жас шыбықты ыңғайға қарай майыстырады. Тиктокта "енеңнен естіген ең ауыр сөзің" деген тренд бар екен, жалпы терсең жамандық көп қой. Сол трендті жақсы жаққа қарай өзгертейікші: енеңнің әйтеуір бір рет болсын саған айтқан жақсы сөзі бар шығар немесе енеңізбен қызықты оқиғаңызды жазыңыз. Енемнен естіген жақсы сөзім: осының бәрі сенің арқаң дегені бар айналайындар. Осыны естіп 1 апта ұйықтай алмай қалғаным бар. Кімнің оқиғасы ең қызықты, ең көп лайк жинайды 50 мың теңге жіберемін", - деп жазған болатын блогер екі күн бұрын.

Бүгін осы байқаудың жеңімпазы анықталып, Ырысбала Икрамбай оқырманына уәде еткен сыйлығын жіберді.

"Өз анам инсульт алып жалғыз қараусыз қалғанда менің екі жақта қиналғанымды көріп: "Далаға тастайсың ба, үйге әкеліп бақ, ауруды ешкім сұрап алмайды" деп айтқанда нағыз аналық сезім ешқашан бос болмайтынын түсінгенмін, шүкір қазір 13 жыл болды анам да, енем де қасымда", - деп пікір қалдырған оқырман жеңімпаз атанды. 

"Қос қанатыңыз - қос анаңыз аман болсын! Алла сіздің бағыңызды басым етіп, сол кісілердің берген батасымен өсіп-өне беріңіз", - деген ізгі тілек білдірген Ырысбала Икрамбай жеңімпазды құттықтады. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!