Фотоға түсемін деп өзенге батып кеткен: 16 жастағы қыздың мәйіті табылды

Түркістан облысында суға батқан қызды іздеу жұмыстары аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Марқұм оқиға орнынан 500 метр жерде, ағыстың төменгі жағынан табылды.

Еске салайық, 28 шілдеде сағат 10:41-де Түркістан облысы ТЖД кезекші пультіне "Сайрам-Өгем" аумағына Қасқасу ауылынан 15 шақырым қашықта, Сайрам-су таулы өзенінде сағат 10:00-де қыз суға батып кеткені туралы ақпарат түскен.

Достарының айтуынша, ол фотосессия жасау кезінде абайсызда өзенге құлаған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!