Павлодарда жоғалып кеткен ер адам өлі табылды

Павлодарда жоғалып кеткен ер адам өлі күйінде табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. 

Еріктілер оны тәулік бойы іздестірген

Ер адам 26 шілде күні Жаңа қала ауылындағы Комсомольская көшесі, 18/2 мекенжайындағы үйінен шығып, оралмаған. 

30 шілде күні Vita іздеу жасағы іздестіру жұмыстарын бастаған. 31 шілдеде ер адамның денесі табылды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!